Мазақтау, ажуалау, келемеждеу, келекелеу, мысқылдау, тәлкектеу, сайқымазақтау, сықақтау, кекесіндеу, кекету

lat: Mazaqtaý, ajýalaý, kelemejdeý, kelekeleý, mysqyldaý, tól- kekteý, saıqymazaqtaý, syqaqtaý, kekesindeý, keketý.

Біреудің қытығына, намысына тиіп, сөзбен қағыту, мцқату, шенеу, түйреу. «Қап, мынаны-ай, тағы да қызғаншақ деп мазақтап, көзімді шұқитын болды-ау» деп өкіндім (Н. Серәлиев). Бұрынғы бұрынғы ма, Сәдірбекті балалар онан сайын ажуалады (С. Бегалин). Қытығына тиген адамды келемеждейтін оның әдеті (Ә. Әбішев). Арлылының адал ниетін келекелеп, менің де у құяды жүрегіме (Ә. Сәрсенбаев). Сабақ үстінде Құраштың кей мінезін оғаш көріп, ішімнен мысқылдап отыратын болдым (А. Жақсыбаев). Жанбосын сөзбен тәлкектеп қоймайды, осы тұста мені басынып-ақ жатыр (Б. Соқпақбаев). Жігіттер оны сайқы- мазақтап, төлкек қылды (I. Жансүгіров). Қожақ моншадан келгелі Петр Денисовты сықақтап келекелеумен отырды (Ә. Нұрпейісов). Ілмелеп салған жерден кекесіндеп, қылады ұрыс-жанжал сөздің артын (Ә. Нұршайықов). Тағы бір-екі күн ұйықтай түссеңдер еді! - деп, Жәкең шал оны кекетіп тастады (Ғ. Мүсірепов).